+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматы ХҚО-лары азаматтарды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды

2021 жылғы 14 маусым 09:55
Бөлісіңіз:
Алматы ХҚО-лары азаматтарды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кафеге келген ер адам даяшыға қол жұмсады ХҚО-лар қызмет көрсету уақытын қысқартты Алматыда 100-ден астам қоғамдық көлікте бетперде режимінің сақталуы тексерілді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

«Ashyq қосымшасы бойынша қаладағы барлық ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қаланың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

«Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады», - деп қосты ол.

Осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT