Алматыдағы ХҚКО 80 мыңнан астам шетелдікке қызмет көрсетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 21 қыркүйектен бастап Ресейде ішінара жұмылдыру туралы хабарландырудан кейін бізге келген ресейліктердің ағымы артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Абдурасул Құлдашов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абдурасул Құлдашовтың айтуынша, Алматыда 8 аудандық, 4 мамандандырылған бөлім, бір көші-қон қызметі орталығы жұмыс істейді. «Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 26 қыркүйек аралығында 81 156 қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» бойынша 74 698 қызмет көрсетілді.

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да уақытша тұруға рұқсат беру» бойынша – 6 458 қызмет», - деді спикер. Сонымен қатар, ол 21 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін «Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін 2 851 қызмет алушы жүгінгенін атап өтті. «Айта кетсек, ресейліктер Қазақстанда ЖСН-ді резидент еместер ретінде рәсімдеуде. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін 474 қызмет алушы жүгінді. Екі қызметтің де дайындалу уақыты 1 жұмыс күні»,- деді ол. Бұған дейін Абдурасул Құлдашов Алматы қаласында күшейтілген ХҚО «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 6А (2-қабат) мекенжайында жұмыс істейтінің туралы айтқан болатын.
Онда азаматтарды қабылдау үшін 20 жұмыс орны, ұйымдастыру техникасымен жабдықталған дайын құжаттарды беру үшін екі орын құрылды. Бөлім қызмет алушылар үшін 50 орынды күту залы, ауыз суы бар диспенсер, температураны бақылау қолайлы жағдайларымен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар