Алматыдағы Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Бұл туралы қалалық қоғамдық деснаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма атап өткендей, Halyk Arena қайтадан іске қосылды. Онда орташа жағдайдағы науқастар жеткізіледі.

«Таңертеңгі жағдай бойынша, Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықта 18 науқас жатыр. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында КВИ инфекциясының таралмауы үшін қабылданды. Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. Науқастарға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Медициналық құралдармен толық жабдықталған. Талапқа сай», - деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, Алматыда жаңа штамдар пайда болды. Оның контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді. Бұл инфекция жоғары жұқпалы екендігін көрсетеді. Мегаполисте соңғы уақытта тіркелген вирустың таралу жылдамдығына дәл сол себеп болып отыр.


Соңғы жаңалықтар