Алматыдағы ескі жарықтандыру бағандары қайда кетеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында қалалық жарықтандыру жүйесін ауыстыру қарқынымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Биыл қайта жасалған Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдарында 70-ке тарта ескі жарықтандыру бағаны сүріледі. Олардың орнына электр энергиясын жұмсауды 30 пайызға үнемдейтін жарық диодты жаңа бағандар орнатылады.

Ал барлық сүрілген бағандар Алатау ауданына орнатылады.

Атап айтқанда 195 баған бұрындары жарық болмаған Ақсай, Өтемісов көшелеріне ауыстырылды.

Жалпы алғанда жыл соңына дейін 24 мың жаңа шам орнатылып, ескі жүйенің 31,5% жаңарады.

266 шақырым жарықтандыру жүйесін жаңартуға жобалық сметалық құжаттама дайындалды.

Сонымен қатар, Алматыда 1400 аулада жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылған.

Бұдан бөлек қаладағы сәулет нысандарын жарықпен әрлеу жаңа сипатқа ие бола бастады.

«Қазақстан» қонақ үйі, Орталық мәдениет және демалыс саябағы сияқты 130 нысан түрлі түстермен әрлене бастайды.

Айта кету керек, Елбасы биылғы Жолдауында қалалардың дамуы мен урбанизация мәселесіне ерекше назар аударған болатын.

Соңғы жаңалықтар