Алматыдағы ең қауіпті жол бөлігі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша жол-көлік оқиғаларының ең көбі Алматыда болып жатады. Мұндай мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың екі айында республика жолдарында 2 мың 59 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 мың 955 адам зардап шекті. 117 адам қайтыс болды. Өткен айда жол-көлік апаттарының ең көбі - 596 Алматыда болды»,-делінген хабарламада.

Бұл ретте апат ең көп орын алған жер - Алматыдағы Ш.Қалдыаяқов пен Төле би көшесіне дейінгі аралық болып отыр. Онда 21 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 12 адам зардап шекті және 2 адам қаза болды. Жол-көлік апаттарының құрбаны болғандар жағынан Алматы облысы алда тұр. Бұл аймақта 54 адам көз жұмған.

Сонымен қатар ең ауқымды жол-көлік оқиғасы да биылғы жылы Алматы облысында орын алды. 3 ақпан күні Алматы облысының Алакөл ауданында қарасты Теректі ауылында «Hyndai Sanata» маркілі автокөлігінің жүргізушісі ауылдан шығар жолда көлікті игере алмай қалып, батысқа қарай жылжып бара жатқан «Mersedes-Benz» маркілі көлігімен бетпе-бет соғысқан.

Осы оқиғаның салдарынан 8 адам зардап шегіп, 4 адам мерт болды. Биылғы жылдың екі айында Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610 бабы бойынша (көлік жүргізушілері тарапынан белгіленген жолда жүру ережелерін бұзудың салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралына немесе жеке мүлікке зиянын тигізу) 7 мың 768 адам, жауапқа тартылып, оларың 7 мың 198-іне 162,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 565 адам көлік жүргізу құқынан айырылып, 4 адамға қатысты әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды. 262 азаматқа қатысты арнайы құқықтардан айыру тұріндегі қосымша жауапқа тарту шарасы қолданылды.

Биылғы жылы 828 қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркеліп, 124 адамның ісі сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар