+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматыдағы емдеу мекемелерінің карантинге дайындығы қандай

2020 жылғы 26 наурыз 22:00
Бөлісіңіз:
Алматыдағы емдеу мекемелерінің карантинге дайындығы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мегаполистегі ірі ауруханалардың карантинге дайындығын көрсету үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күрес кезінде алаяқтар әлеуметтік желілерде белсенді Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ

Ең алдымен журналистерге медициналық маска, дезинфекциялық және жеке қорғаныс құралдары сақталатын қойма көрсетілді.

«Қаланың барлық медициналық ұйымдары жеткілікті түрде жеке қорғаныс және дезинфекциялық құралдармен, медициналық маскалармен қамтамасыз етілген, олардың қорлары үнемі толықтырылып отырады», - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Аурухана қызметкерлеріне қорғаныс костюмдері қажетті мөлшерде беріледі. Сонымен қатар, оның пайдалану уақыты да ескеріледі. Бұл бағытта ешқандай кемшіліктер жоқ.

«Жақында №7 қалалық клиникалық ауруханаға қосымша 63000 маска мен 500 литрден астам спирт бөлінді. Бүгінде стационарда 1500 литр спирт бар. Бұл үш айлық қор. 80 000 маска үш аптаға жетеді. Дезинфекциялық заттармен де қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ауруханада аса қауіпті инфекциялық ауруға арналған 50 жеке қорғаныс костюмі бар»,- деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, облыстан қатынайтын медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілген. Мамандарға хостел, қонақ үй мен жатақханадан бөлмелер бөлінді.

Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне әкімдік тегін тамақ береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT