Алматыдағы экопостар қалай жұмыс істеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте ауадағы зиянды заттарды өлшеуге арналған және арнайы жабдықпен жабдықталған 15 экобекет орнатылған. Жыл соңына дейін тағы төрт бекет орнатылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, көп компонентті газ анализаторларының көмегімен экологиялық бекеттерде көмірсутектер, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, азот оксиді, оттегі құрамына бензин мен газ автомобильдерінің пайдаланылған газдары өлшенеді.

Дизельмен жүретін машиналар да тексеріледі. Сондай-ақ, бекеттер бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

« Биылғы жылдың 20 наурызынан бастап экопостарда 132 494 өлшеу жүргізілді, 109 547 бензин және газ двигательдері, 22 453 дизель двигательдері тексерілді. Тексеру барысында 20 085 көлік құралының асып кеткені анықталды. Экопосттарды орнатудың арқасында 15 331 автокөлік иесін жауапқа тарту мүмкін болды, оларға хаттамалар жасалды. Тәртіп бұзушылар көбінесе «Талғар», «Думан» және «Есіл» экобекеттері орнатылған Талғар және Қарасай аудандары тарапынан келеді»,- дейді ол.

Бұдан өзге, Алматыда қала ішінде көліктерді тексеру жүргізілуде, оның барысында автомобильдердің экологиялық нормаларға сәйкессіздігі анықталады.

Күн сайын кезекшілікке Алматы қаласы Полиция департаментінің 11 экипажы мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері шығады.

«Нәтижесінде 519 автокөлікте пайдаланылған газдар мөлшерінің асып кетуі анықталды. Сондай-ақ, мобильді топтар құрылыс алаңдарында жүк көліктерін тексереді, онда эко-нормаларға 218 сәйкессіздік анықталды. Бұл жұмыс бүгін де жалғасуда, ондаған полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері газдану деңгейін тексеруді жалғастыруда. Ал келесі жылдан бастап Алматыда үш жылжымалы экологиялық бекет пен бір зертхана жұмыс істей бастайды»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар