Алматыдағы екі метро стансасының құрылысы 2021 жылға дейін аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек ағымдағы жылдың қалалық бюджетін бөлу туралы есеп беріп, мәслихат депутаттарымен жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында ол екі метро стансасының құрылыс жоспары жайлы айтып өтті.

«Біз сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқандықтан, біздегі құрылыс шарттары да ерекше екені белгілі. Біз елдегі ең бірінші жылдам автобус көлігі желісін орнаттық. Оның тиімділігі артып келеді. Жылдам автобус желісі орнатылғаннан бері жолаушылар легі 40%-ға артты. 2021 жылдың бірінші жартысында «Сарыарқа» және «Достық» метроларының стансасы аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Метро стансалары іргелес 12 шағын ауданды қамтитын болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен екі миллиард теңге бөлінеді», - деді қала басшысы.

Жаңа стансаларда қарастырылмай қалған кемшіліктер ескеріліп, жаңаша жағдай жасалатыны болады.

Автр: Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар