Алматыдағы дауыл әуежайдағы ұшақты орнынан қозғап жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында қатты желдің әсерінен ұшақ айналып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады .

Ақпаратты Scat әуе компаниясы растады. Boeing 737 ұшағы тұрақта болған.

«Дөңгелектердің астында бекітілген техникалық талаптарға сай орнатылған тежегіш қалқандар болған. Қатты екпіндеген дауыл ұшақты 30 градусқа айналдырып жіберді. Бортта жолаушылар болған жоқ. Ешкімге зақым келмеді», - деп атап өтті әуе компаниядан.

Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Ұшақ пен техникаға зақым келген жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар