Алматыдағы дәріxана заңды бұзғаны үшін бір күнге жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы дәріxана заңды бұзғаны үшін бір күнге жабылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәріні сатқаны үшін жеке меншік фирмаға жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес, Алматы қаласы Гоголь көшесі 155 үйде орналасқан «P.E.» ЖШС-нің дәріханасын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектер анықталған. Барлығы - MUCOS Pharma CZ SRO-ның өнімдері. Аталған препараттар ешқандай құжатсыз әкелінген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қауіпсіздік пен сапаны реттеу қортындысымен бекітілмеген болып шықты.

"Сот отырысында «P.E.»  ЖШС директоры П. өз кінәсін толық мойындап, аталған тауардан ешқандай кіріс пайдасын жасамағанын, сонымен-қатар дәрі өзінің жеке қажеттілігі үшін алынғанын жеткізді. Сот қаулысымен  «P.E.»  ЖШС-і әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, оған 453 800 теңге көлемінде (200 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынып, 1 күн қызметін тоқтата тұру және дәрі-дәрмек өнімдерін тәркілеу әкімшілік жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот үкімінде.

Соңғы жаңалықтар