Алматыдағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алматыдағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«24 тамыз күні 17:48-де Алматы қаласы, Розыбақиев көшесі, 49 мекенжайында орналасқан дәмханада сыйымдылығы 50 литр газ баллоны жарылған. 1996 жылы туған және 2000 жылғы екі адам термиялық күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға орнына Алматы төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері шұғыл жеткен. 

Соңғы жаңалықтар