Алматыдағы бүлінген муралды танымал суретші қалпына келтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жөндеу жұмыстары кезінде бүлінген «Әлемдерді біріктіре отырып» муралы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған әл-Фараби даңғылы, 127 – Үлкен Алматы өзені мекенжайында орналасқан «Әлемдерді біріктір» муралын танымал суретші Арыстанбек Шалбаев қалпына келтірді.

«Мурал-арт пен граффити - көше өнерінің өте ұқсас түрі болғанымен, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Себебі муралдар әдемі суретпен қатар қандай да бір терең ой немесе мағына беруге арналған. Осылайша, бұл суреттердің өмірден алынатын немесе мифологиядан әртүрлі көрініс бейнеленген классикалық фрескалармен ұқсастығы әлдеқайда көп. Осыған қарап, муралдар фрескалардың эволюцияланған формасы деген тұжырым жасауға болады. Сонымен қатар, мурал жасау билікпен келісілген әрекет негізінде жүзеге асады. Әрине, муралдарды бүлдіру көңілге қаяу түсіреді, сондықтан мен Tikkurila компаниясының «Әлемдерді біріктіре» муралын қайта қалпына келтіру ұсынысына қуана келістім», - деді Арыстанбек Шалбаев.

«Әлемдерді біріктіре отырып» муралын 2015 жылы Қырғызстан суретшілерінің тандемі – Doxа Art тобы (Дмитрий Петровский, Сергей Келлер) салған болатын. Өз кезегінде қала билігі де - мурал салу жөніндегі жобаның белсенді қатысушысы. Тұрғын үй қабырғаларының ең қызықты және эстетикалық тартымды жұмыстармен безендірілуі үшін әкімдік жанындағы арнайы комиссия базасында эскиздерді келісу арқылы мурал салуға рұқсат беріледі.

Алматыда бірнеше жыл қатарынан жарқын стрит-арт нысандарының фестивалі өтеді. Қазіргі уақытта қалада отандық және шетелдік суретшілер салған 30-дан астам үлкен қабырға суреттері бар.

Соңғы жаңалықтар