Алматыдағы бокс кеші: Тағы үш қазақстандықтың қарсыласы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 16 желтоқсан күні Алматыда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бокс кеші өтеді. MTK Kazakhstan Instagram-аккаунтында мәлім етілгендей, аталмыш шоуда айқасатын боксшылардың тағы үш жұбы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Рай Сейітжанов (1-0) грузиндік Гиорги Абуладземен (11-9-1, 4 КО) кездеседі. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Мирас-Әли Сәрсенов (1-0, 1 КО) әзербайжандық боксшы Аскар Рагимовқа (3-3, 1 КО) қарсы айқасса, бірінші жартылай орта салмақтағы Нұрдос Төлебайдың (1-0) қарсыласы тағы бір әзербайжандық Рамиз Мамадов (1-0) болады.

Бұған дейін өзге қазақстандық спортшылардың қарсыластары туралы жазған болатынбыз:

Виктор Коточигов (Қазақстан, 10-0, 4 КО) — Хавьер Хосе Клаверо (Аргентина, 27-5, 5 КО), жеңіл салмақ, WBC International титулы;

Сұлтан Зәуірбек (Қазақстан, 8-0, 6 КО) — Лешань Ли (Қытай, 16-3-2, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ, WBC «жастар» әлем чемпионы титулы;

Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) — Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), ең жеңіл салмақ;

Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) — Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ;

Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) — Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), ең жеңіл салмақ;

Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) — Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ;

Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) — Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ

Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) — Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), екінші ең жеңіл салмақ.

Бокс кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар