+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Алматыдағы блокпосты бұзып өтпек болған 70 адам қамалды

2020 жылғы 26 наурыз 14:46
Бөлісіңіз:
Алматыдағы блокпосты бұзып өтпек болған 70 адам қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық сотында Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты 120 іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда 7 ошақтан шектеу алынып тасталды Алматыда бір тәулік ішінде коронавирустың 25 ошағы анықталды Коронавирус: Алматыда вирусты жаңадан жұқтырғандардың қайдан келгені анықталды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі елімізде жарияланған Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға қандай шара қолданылатынын айтты.

«26 наурыздағы жағдай бойынша, Алматы әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты 120 әкімшілік іс қараған. Карантин аймағының шекарасын бұзбақ болған 111 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 70-і 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алынса, 41 құқықбұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деді баспасөз қызметінен.

Карантин мерзімінде кәсіпкерлікпен айналысқан 9 тұлғаның екеуі 5 тәулікке қамалса, қалған 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың ішінде «Восход» сауда үйі, «Эмиль» мейрамханасы, «Центр шашлыка» мейрамханасы, «Barbeque» дәмханасы, «Loto Club» ойын залы, «Мечта Маркет» ЖШС, «Genеsys» ойын клубы, «Ultimate» ойын клубы бар.

Айта кету керек, Алматыда 26 наурыздан бастап барлық ірілі ұсақты сауда орындарының жұмысына шектеу қойылды. Қалада тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмыс жасайтын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT