+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Алматыдағы Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады – алғашқы нұсқа жарияланды

2019 жылғы 27 желтоқсан 14:11
Бөлісіңіз:
Алматыдағы Bek Air ұшағы қалай апатқа ұшырады – алғашқы нұсқа жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министрдің орынбасары, Алматыдағы ұшақ апаты бойынша үкіметтік комиссия мүшесі Роман Скляр Алматыдағы Bek Air ұшағының қалай апатқа ұшырағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұшақ апатынан көз жұмғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл жағдайға қатысты ешкім де мемлекеттің қолдау шараларынан тыс қалмайды. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен зардап шеккендерде қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі. Оқиға тіркелгеннен бастап үкіметтік комиссия тиісті жұмысты бастап кетті. Бүгін біз ұшу-қону жолағына әуе кемесінің артқы бөлігінің бірізді сипатта екі рет жанасқанын анықтадық. Жолаққа жанасу аралығы 300-400 метр шамасында болды. Ұшар кезде әуе кемесі екі рет ұшу-қону жолағына соқтыққан», - деді Роман Скляр Алматыда шұғыл өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуына қарағанда, ұшу-қону жолағы аяқталғаннан кейін әуе кемесі оңға бұрылған. Шасси бұл уақытта жинақталып қойған.

«Ұшақ ұшып кетпек болғанымен оң жаққа ауып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған. Үйде ешкім болмаған. Әуе кемесі соқтығыс салдарынан екіге бөлініп кеткен. Негізінен ұшақтың алдыңғы жағында отырған жолаушылар көз жұмған», - деді Роман Скляр.

Фото: www.emer.gov.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT