Алматыдағы Баум бағы қалай өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың коммуналдық мешігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде әкімдік  аумағы 139,5 га болатын бақты өз қорғауына алған.

Парк аумағының периметрі бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойына жұмыс істейтін төрт полиция нүктесі қойылған. Полиция нүктелері қала мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жеке қаржысы есебінен жұмыс істеуде. Бақ айналасын полиция көмекшілері бақылайтын болады. Эко-стильдегі  навигациялық тақташалар ілініп, 20 орындық қойылған.

Жүргізілген мониторинг кезінде бақтың 2,5 га жерін жеке адамдардың және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерінің өз беттерімен басып алғандары анықталды. Мегаполис басшысы заңға сәйкес бақтың басып алынған жерлерін қайтаруды және көгалдандыруды тапсырды.

«Қалалықтардың демалуы үшін көп қаржы жұмсалмайтын және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасайтын жобалар қажет. Ғалымдармен бірлесе отырып, жасыл желекті қорғау және  ұлғайту қажет. Топырақтың және климаттың ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс. Аллеяны жарықтандыру үшін жаңартылған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені  табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

null 

Баум бағында қайың алаеясын жасау, терек, тал ағаштарын отырғызу жоспарланған. Шілде айында ағаштардың иммунитетін жақсартатын және оны зиянкестерден қорғайтын заманауи препараттар сатып алынып, биологиялық  өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.

Бұлардан өзге, бақ айналасы санитарлық тазалықтан өтуде. Тек соңғы сенбілік кезінде осы жерден 43 көлік қоқыс шығарылды. Бақ аумағында итті серуендететін алаң мен балалардың ағаш қалашығы пайда болады. Бақтың сыртқы жағын жарықтандыру жүйесі  жаңарады, Үлкен Алматы  каналы аумағында балалар алаңы жасалады.

Айта кету керек,  Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделіп, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады. 

null null 

Соңғы жаңалықтар