Алматыдағы Баум бағы ерекше қорғалатын нысандар тізімінен шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Баум бағы ерекше қорғалатын нысандар тізімінен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай қаулыны ҚР Үкіметі 2018 жылы 24 желтоқсанда шығарды.

Құжатқа сәйкес, аталған бақ жергілікті маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiне енгізіледі.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кету керек, Баум бағын (тоғайын) 1894 жылы 150 га территорияда белгілі селекционер ғалым Эдуард Баум отырғызған болатын. Сондықтан бағбанның құрметіне арнап баққа Баум есімі берілді. Баққа Мәскеу, Пенза, Ялта, Ташкент қалаларынан алуан түрлі жеміс ағаштары мен жалпақ және қылқан жапырақты ағаштарының көшеттері әкелініп отырғызылды. Алғашқы кезде тоғайда алманың 74, алмұрттың 49, қылқан жапырақты ағаштың 17, жалпақ жапырақты ағаштың 44, әр түрлі бұталардың 52 түрі болды. 1894 жылы Баум «Баум тоғайын» көгалдандыру жөнінде бағдарлама жасап, оны қалалық Думаға ұсынды. Бұл бағдарлама 1899 жылы толығымен жүзеге асып, тоғай Алматы қаласының жасыл желекті аймағына айналды. Бүгінде Баум тоғайында 250 мыңдай әр түрлі ағаш өсіп тұр.

Биыл әкімдік аталған бақтың біраз аймағын автосалон иелері көлік тұрағын жасау үшін заңсыз иемденіп келгенін айтты.

Бұл заңбұзушылықты мегаполис әкімдігі табиғи аумақты коммуналдық меншікке алған соң ғана анықтады.

Соңғы жаңалықтар