Алматыдағы бассейнде балалар уланып қалды: Полиция қылмыстық іс қозғады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы бассейндердің бірінде уланып қалған балаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, бүгін Алматыда бассейнде 11 бала уланып қалғаны туралы жазған болатынбыз . Оқушылардың жасы 12-14-те.

Кейін балалар уланып қалған бассейнде арнайы құрылғының істен шыққаны анықталды.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалдық хлор мен бактериологиялық зерттеулердің құрамына зертханалық зерттеулер жүргізу үшін бассейннен су, сондай-ақ ауаның өлшемі алынғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар