+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

2021 жылғы 15 қыркүйек 17:59
Бөлісіңіз:
Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылған. Аталған жағдайды полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астана әуежайында кабельдің тұйықталуы болды – зардап шеккендер жоқ 9 көлік зақымдалып, оқ атылды: Астанада көлік ұрысы қалай ұсталды Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті

«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлама мен видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаменті тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

«Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Кадрда балалар үйінің 2004 және 2005 жылы туған екі тәрбиеленушісінің арасындағы жанжалды көруге болады. Анықталғанындай, бұл 3 қыркүйекте болған жағдай. Бұған дейін, аталған дерек бойынша полицияға ешкім хабар берген жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Жанұя» мамандандырылған кешенінде түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT