+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Алматыдағы балалар үйінің 67 млн теңге жәрдемақысын жымқырған педагог сотталды

2021 жылғы 12 тамыз 12:33
Бөлісіңіз:
Алматыдағы балалар үйінің 67 млн теңге жәрдемақысын жымқырған педагог сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар үйінің директоры мен әлеуметтік педагог сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сот орындаушысын ұрған Алматы тұрғыны сотқа жүгінді Президент тапсырмасы: Елордада үш буынды сот жүйесі қалай жұмыс істеуде Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы білім басқармасының «№1 Алматы облыстық балалар үйі» ҚММ директоры мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп - тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы М. Мұстафина өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған 67 миллион теңге сомасындағы ақшалай жәрдемақыны жымқырғаны дәлелденді.

Сотталған Мұстафина әлеуметтік педагог және балалар үйінің басшысынан қамқоршының мүдделерін білдіруге сенімхаты бола отырып, тәрбиеленушілерге асыраушысынан айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы ресімдеп, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде оларға карточкалық шоттар ашқан.

Тәрбиеленушілердің есеп айырысу шоттарына толық қол жеткізіп, мобильді банкинг арқылы балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп айырысу шоттарынан жеке карточкалық шотқа ақша қаражатын аударымдарды жүзеге асырған, сондай-ақ тәрбиеленушілердің банк карталарын пайдалана отырып, банкоматтардан кейбір қаражатты алған.

Мұндай заңсыз қызметпен сотталған адам 2015 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың тамызына дейін айналысқан.

Өз кезегінде балалар үйінің директоры Ғ. Қондыбаева 2018 жылдың күзінде Мұстафинаның ұрлау фактілері туралы біліп, оны уәкілетті органдардан жасырып, оны қызметінен шеттетпей және балалар үйі тәрбиеленушілерінің шоттарына қол жеткізуін шектемеген.

Сотталушылар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден астам шығын балалар үйі тәрбиеленушілерінің пайдасына өтелді.

Сот 52,4 миллион теңге көлеміндегі қалған соманы жәбірленушілерге қайтаруды міндеттеді.

Сот үкімімен М.Мұстафина ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан және 10 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Г.Қондыбаева ҚР ҚК 371-бабы (салғырттық) бойынша кінәлі деп танылды. Мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, оған 2,7 миллион теңге сомасында айыппұл тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT