Алматыдағы балалар үйінде президенттік шырша өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Мемлекет басшысының атынан балалар мекемелерінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанұя» және «SOS балалар ауылында» президенттік шырша өтті.

Ержан Бабақұмаров Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға денсаулық, табыс, жақсы достар және тілектерінің орындалуын тіледі.

Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша қойылымға қатысушылар жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, Аяз Ата мен Ақшақарға тілектерін білдірді.

«Жанұя» кешені 1999 жылы құрылған және 350 тәрбиеленушіге арналған. Бұл жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша мен түзету мектебін қамтитын арнайы балалар үйі. Оқыту мен тәрбиелеу арнайы түзету бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Балаларды тәрбиелеуде тәжірибелі педагогтар мен психологтар көмектеседі.

«Алматыдағы SOS балалар ауылы» 1997 жылы ашылды. Қазір 10 отбасылық үйде 65 бала тұрады. Тағы бес отбасы қалада, «интеграцияланған отбасыларда» бөлек тұрады. Бұл отбасылардағы жеткіншектер де балалар ауылында тұратындар сияқты қамқорлық пен қолдауға ие.


Соңғы жаңалықтар