Алматыдағы Бақорда базары маңы тағы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданындағы «Бақорда» базары маңында көлік дөңгелектері мен қоқыс өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 12:32-де 101 пультіне Алатау ауданы, Ырысты 46/2, мекенжайында өрт шықаны туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына жақын жерде кезекшілік атқарған өрт сөндіру бөлімшелері санаулы минутта жетті. Олар көлік дөңгелектері мен қоқыстың өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 35 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнында 1 автоцистерна мен 5 өрт сөндіруші жұмыс істеді», - деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Бақорда» базарының аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда нүктесі жанғаны туралы жазған болатынбыз.


Фото:krisp_almaty
Соңғы жаңалықтар