Алматыдағы Айманов көшесіне екі жақты қозғалыс енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Айманов көшесінің Жандосов көшесінен бастап Тимирязев көшесіне дейінгі аралығына екі жақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көлік тұрағы жолдың батыс бөлігіне көшірілмек.   

«Тимирязев және Жароков көшелерінде солтүстік бұрылыстың жоқтығына байланысты, шығыс бағытқа Жароков көшесіндегі оңтүстік бұрылыс арқылы шығуға мүмкіндік жасалады» делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Бұл аймақтағы көлік қозғалысының жаңа сызбасы 28 қыркүйектен бастап енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар