Алматыдағы автосервисте 9 көлік өртеніп, 3 көлікке нұқсан келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы отқа оранған автосервисте 9 көлік өртеніп, тағы 3 көлікке нұқсан келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілсіз жау бүгін М. Әуезов ауданындағы Ақсай 1 шағын ауданындағы техникалық қызмет көрсету орталығында тұтанған еді. Өрттің салдарынан нысанда қатты жарылыс болды.

Ангар типтес ғимараттың ішінен әрқайсысы екі 25 литрлік газ баллоны шығарылды.

«Ангарда 9 көлік тұрған. Барлығы өртеніп кетті. Жалыннан тағы 3 көлікке зақым келді», - деді ТЖД өкілі.

Газ түтіннен қорғау қызметінің мамандары жоғары температураға қарамастан өртті сөндіру үшін ішке кірген болатын. Оқиға орнында өртті сөндіруге 60 адам, 13 техника жұмылдырылды. Соның арқасында қызыл жалын 55 минутта ауыздықталды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.


Соңғы жаңалықтар