Алматыдағы автобус апаты: Бағдаршам таймері тексеріліп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі автобус соғылып, салдарынан бір адам қаза тапқан қиылыстағы бағдаршам таймері тексеріліп жатыр, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысындағы бағдаршам жұмысын мамандандырылған монтаждау-пайдалану басқармасының қызметкерлері тексерген. Апат болған күні бағдаршам құрылғыларының ақауы тіркелмеген.

«Алайда бұқаралық ақпарат құралдарында бағдаршамның жұмысы туралы ақпараттың пайда болуына байланысты бағдаршамдарға қызмет көрсететін мамандар оқиға орнында тексеру жүргізді. Нәтижиесінде ақаулар расталмады. Тексеру барысында бағдаршам қондырғысы, барлық техника қалыпты жұмыс істеп тұрды»,- хабарлады басқармадан.

Ведомстводағылар атап өткендей, баспасөзде табло жұмысындағы ақаулар туралы ақпарат қайта пайда болды.

«Кейін, барлық таблоларды қиылыстан бөлшектеп, сынақ стендіндегі жөндеу зертханасында сынау туралы шешім қабылданды. Үш жұмыс күнінің ішінде тестілеу ешқандай ақауларды анықтаған жоқ. Қазіргі уақытта тестілеу жұмыстары жалғасып жатыр, нәтижелері кейінірек белгілі болады», - деп атап өтті Алматы қалалық мобилділік басқармасынан.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.


Фото: facebook.com/Гульмира Илеуова

Соңғы жаңалықтар