Алматыдағы ауруханада әйелдер мен ерлер бір палатада жатуға мәжбүр

2022 жылғы 28 қараша, 18:03
Алматыдағы ауруханада әйелдер мен ерлер бір палатада жатуға мәжбүр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әлеуметтік желіде алматылықтар балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында әйелдер мен ерлер балаларымен бір палатада жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желі қолданушылардың айтуынша, Алматы балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында бос палаталар бола тура әйелдер мен ерлер балаларымен бір палатада жатыр. Осы жағдайға байланысты аталған аурухананың дәрігер-сарапшысы Фарида Ғаббасова түсінік берді.

Дәрігердің сөзінше, соңғы уақытта балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жүктеме артты.

Аурухана тәулік бойы пациенттерді қабылдайды, тәулігіне 300-ге жуық бала жүгінеді. Сол паценттер қабылдау бөлімшесі деңгейінде сұрыпталып, тек 25-30%-ы стационарға жатқызылады, ал қалған науқастар амбулаториялық жағдайда, үйде емделуге жіберіледі. «Осыған орай эпидемиологиялық маусымда, яғни жоғарғы тыныс жолдарының аурулары өршіген кезде, ер адамдарға күтім жасау жөніндегі жеке палаталарды бірден қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айтамыз және науқастар палаталарға аурудың түрі бойынша, циклдылықты сақтай отырып орналастырылады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдадйы ескере отырып, жедел респираторлы инфекция, секреторлы және инвазивті диареялар провизорлықлық бөлімшелерге уақытша (КВИ-ге ПЦР шыққанша) орналастырылады, кейбір палаталарда орын бос болғаны осымен байланысты (нозология және циклдылықты сақтау мақсатында). Біздің мекеме әр пациентке түсіністікпен қарайды және туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын, бірінші мүмкіндік туындаған сәтте ол кісілер бөлек палаталарға орналастырылады»,- деді Фарида Ғаббасова.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar