Алматыдағы Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Президенті Әкімшілігі мен қала мәслихатының келісімі бойынша Сайран Сайфеденов Әуезов ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С. Сайфеденов 1974 жылы 19 желтоқсанда туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін (1996 ж.), Алматының Үздіксіз білім беру университетін (2009 ж.), Қазақ Жол қатынастары университетін (2012 ж.) бітірген. Мамандығы бойынша — заңгер, экономика және бизнес магистрі.

Жеке компанияларда, аудандар мен қала әкімдігінде қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған. 2008 жылдан 2009 жылдың желтоқсанына дейін Алматы қаласы әкімі апппаратының ұйымдық-кадрлық және бақылау-инспекторлық бөлімінің бас маманы болған.

2009 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамырына дейін Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейін Наурызбай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың ақпаны аралығында Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2019 жылдың ақпанынан тамызға дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшының орынбасары болды.

Фото: nauryzbay.audany


Соңғы жаңалықтар