+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің артында 5 және 2 баласы қалды

2021 жылғы 21 қыркүйек 12:36
Бөлісіңіз:
Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің артында 5 және 2 баласы қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданының Ақбұлақ ықшам ауданында болған атыста қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы толығырақ мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда карантин режимін бұзған 12 нысан анықталды Алматыда «қызыл» аймақтың карантиндік шектеулері тағы 7 күнге созылады Мектепте баллоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті – Алматы

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов баспасөз брифингінде атыс кезінде қаза тапқан учаскелік инспекторлар туралы айтты.

«Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев 1982 жылы туған. Біздің департаментте 2003 жылдан бері қызмет етті. Жақында ғана Академияны бітіріп келген. Оның артында бес баласы қалды.
Ал Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған. Ол бізде 2014 жылдан бастап қызмет етті. Оның артында екі баласы қалды. Қаза тапқан екі қызметкеріміз де қызмет бабымен бірнеше рет марапатталған. Өз қызметтерінде ешқандай тәртіп бұзушылық жасамаған»,- деді брифинг барысында Қанат Таймерденов.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT