Алматыдағы атысқа қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда атысқа қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілдері төбелес кезінде қару қолданды деген күдікпен тағы бір жігітті ұстады. Ол 1994 жылы туған С. есімді азамат.

«Ол өзіне қарсыласқан 37 жастағы Ж. есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сондай-ақ қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Еске салайық, Алматыда біреулер атысып, бір адам жараланған болатын.



Соңғы жаңалықтар