Алматыдағы атыс: Жарақат алған күзетшінің жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Бұқар жырау» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы тұрақты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, жарақат алған ер адамға тиісті көмек көрсетілуде.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті симптоматикалық терапияны алады», - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған.

Ол ауруханада жатыр.

Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүргізген.

Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Кейіннен күдікті терезеден секіріп кетті.

Ол оқиға орнында көз жұмды.

Күдіктіні ұстау операциясында атыс қаруы қолданылған жоқ.

Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы екені анықталады.


Соңғы жаңалықтар