Алматыдағы атыс: Полиция атқышпен келіссөз жүргізіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі атқышпен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақыта тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүріп жатыр. Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

«Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады. Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ» деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған. Ол ауруханада жатыр.


Соңғы жаңалықтар