Алматыдағы атыс: Он жетінші қабаттан секірген күдікті мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда тұрғын үй кешеніндегі атыс салдарынан бір күзетші жарақат алды. Бұл жайында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға барысында тұрғын үй кешенінің бір күзетшісі жарақат алғанын хабарлаймыз. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қылмыс жасаған күдікті 17-қабаттан секіріп, мерт болды. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 4 бригадасы кезекшілік етті. Зардап шеккендер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымына жеткізілді. Олардың жай-күйі жайында ақпарат қосымша жарияланады» деді басқармадан.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған.

Күзетші ауруханада жатыр.

Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүргізген болатын.

Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Кейіннен күдікті терезеден секіріп кетті.


Соңғы жаңалықтар