Алматыдағы атыс: Қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Ақбұлақ» шағынауданында болған атыс кезінде қаза тапқандардың бірі үйдің жаңа иесі.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза тапқандардың ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі адам бар. Олардың бірі - үйдің жаңа иесі болған», - деді Рүстем Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті аңшы мылтығынан атты.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар