Алматыдағы арықтарға су жіберіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы ішіндегі барлық арықтарға 30 шілдеге дейін су жіберіледі, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Әкім болып тағайындалған сәттен бастап қала тұрғындары көтерген мәселелердің бірі арық желісінің жағдайы болатын. Қалалықтармен 8 шілдеде кездесу кезінде мен арықтар мен жауын кәріздеріне инвентаризация жүргізуді, олардың барлығын ретке келтіруді тапсырған едім. Қазіргі кезде су Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу сынды төрт аудандардың арықтары бойымен ағуда. 30 шілдеге дейін жұмыстарды толық аяқтап, барлығына су жіберетін боламыз. Айта кетерлігі, не себепті арықтарда су болмаған, ал шлюздердің жабық болуы тіпті түсініксіз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

«Алматы арықтарындағы су - қаланың қайталанбас көрінісі», - дейді ол.

«Арықтарда судың сыңғырлап ағуы — біздің қаламыздың қайталанбас көрінісі, оның ерекшелігі. Қашанда осылай болған. Су жібергеніміз — жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Арықтарды таза ұстау, оған қоқыстарды лақтырмау бәрімізге ортақ іс. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім», -дейді Алматы қаласының әкімі.

Бұғанға дейін, Алматы билігі арықтардың неге қаңсып тұрғанын түсіндірген болатын.

Соңғы жаңалықтар