Алматыдағы аптап ыстық хайуанаттар бағының «тұрғындарын» әбігерге салды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазір термометр бағаны 36-37 градус ыстықты көрсетіп тұр. Аптап ыстықтан адамдар түгілі, хайуандар да басын сауғалап жүр.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері жануарларды мұндай ыстықтан құтқарудың барлық шараларын жүзеге асыруда. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, маусым айы жылдағыдан 6 градусқа ыстық болды. Осындай кезде жануарлардың іс-әрекетін бақылау өте қызықты. Бүгін де жануарлар екі мәрте душ қабылдады. «Пілдер судан шыққан соң, шаң-тозаңға аунап, үстілеріне «жақпа май» жағып алды», - деп күлді зообақ қызметкері Григорий Береснев. Ал аптап ыстыққа үйренген қолтырауындар салқын суға түскен соң бір-бірімен ойнай бастады. Жоғары температураға аса сезімтал жануарлардың бірі Солтүстік полюстің тұрғыны ақ аю күні бойы үйшігінен шықпайды. «Ақ аю суық ауа райына төселген жануар. Дамыған мемлекеттерде мысалы, Арабияда ақ аюды арнайы мұздатылған камераларда ұстайды. Ал бізде әлі ондай жағдай жасалмай отыр. Ақ аюдың суын екі мәрте ауыстырып тұрамыз. Оған барынша жағдай жасауға тырысудамыз», - деді зообақ қызметкерлері. Барлығы Алматы хайуанаттар бағында 2 піл, 1 ақ аю, 2 арыстан, 2 жолбарыс мекен етуде. Жаз мезгілінің келуімен жануарлар суды екі есеге дейін артық жұмсауда.

Соңғы жаңалықтар