Алматыдағы апат: Бағдаршамға қарамай өткен мопед жүргізушісі ауыр халде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Торайғыров көшесімен шығысқа бағыт алып келе жатқан Субару көлігі солға,  Мұстафин көшесіне қарай бұрылғалы тұрған. Сол уақытта Торайғыров көшесімен тік келе жатқан мопед Субаруды бүйірден соққан.



Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, мопед бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Соққыдан мопед жүргізуші қатты жарақат алды. Жедел жәрдем оны құлағы мен мұрнынан қан аққан күйінше өте ауыр халде  алып кетті.



Субару көлігінің жүргізушісі жапа шеккен жоқ.

Жол апатының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар