+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыдағы «Алтын орда» базары жанындағы жол қазан айында аяқталады

2021 жылғы 12 қазан 20:35
Бөлісіңіз:
Алматыдағы «Алтын орда» базары жанындағы жол қазан айында аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алтын Орда» базары жанындағы жол айырығының құрылысы қазан айында аяқталады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бапасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы алуға жазылу басталды

«Бүгінгі күні «Алматы-Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы аралығында (16-19 шақырым «Алтын Орда») «Райымбек-Алматы» учаскесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Құрылысқа 215 жұмысшы мен 30 техника жұмылдырылды»,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол»

Қазіргі уақытта негізгі күш магистральды эстакадаға бағытталған.

Атап айтқанда, нысанның сол жағын бетондау жұмыстары толық бітті. Ал оң жақ тұсының 100 метр аумағына бетон құйылды.

Сонымен қатар, монтаждау, қалыпты орналастыру, торлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Эстакадағы негізгі жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде, кестеден кешігу жоқ. Нысан құрылысы биылғы жылдың қазан айының соңына қарай аяқталады»,- деп атап өтті компаниядағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT