Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Алтын Орда» базары маңында орналасқан дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алтын Орда» аумағында орналасқан «Жеті Құрдас» базарындағы үш ғимараттың – самса дайындайтын дүңгіршек, ломбард және екі қабатты дәмхананың шатыры отқа оранды.

«Қызыл жалын сағат 14:14-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 200 шаршы метр жерді шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалынмен күреске Алматы облысының 27 өрт сөндірушісі және 7 техникасы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар