Алматыдағы әлем чемпионатына әлемнің 71 елінен жас дзюдошылар қатысады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жарыс кестесі:

24 қыркүйек

Жеребе тарту рәсімі — 14:00

25 қыркүйек

Қыздар — 40 кг, - 44 кг

Ұлдар — 50 кг, -55 кг

Жарыстың басталуы — 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты — 15:20

Финалдық кезең — 16:00

26 қыркүйек

Қыздар — 48 кг, -52 кг

Ұлдар — 60 кг, - 66 кг

Жарыстың басталуы — 10:00

Финалдық кезең — 16:00

27 қыркүйек

Қыздар — 57 кг, -63 кг

Ұлдар — 73 кг,- 81 кг

Жарыстың басталуы — 10:00

Финалдық кезең — 16:00

28 қыркүйек

Қыздар — 70 кг, +70 кг

Ұлдар — 90 кг, +90 кг

Жарыстың басталуы — 10:00

Финалдық кезең — 16:00

29 қыркүйек

Mixed Teams — аралас командалық жарыс

Жарыстың басталуы — 10:00

Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұланбатыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болды.



Соңғы жаңалықтар