Алматыдағы Алатау ауданының 15 көшесі жарықтандырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» бағдарламасына сәйкес Алатау ауданының 15 көшесіне жүргізілген жарықтандыру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан аумағындағы бұрын жарық болмаған 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынып, жүйелі жұмыс басталып кетті.

Дәл қазір аудандағы «Мәдениет» шағын ауданында жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы аумақтағы 17 көшеге жүргізілген құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, 15 көше жарықтанды.

Қалған екі көше наурыздың соңына дейін жарыққа қосылады.

Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар