Алматыдағы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мерекелік жиынға қатысушылар Қазақ ұлттық университетінің бас алаңындағы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері мен фарабитанушылар қатысты.

Бұған дейін жоғарыда аталған қонақтар әл-Фараби кітапхана-орталығын ашқан болатын. Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысып, оның шығармалары қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған цифрлық залды аралап көрді.


Соңғы жаңалықтар