Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойына ағаш отырғызыла бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Jasyl meken» қалалық акциясы барысында әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Қожанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызыла басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1975 жылдың сәуірінде Водозаборный көшесі Әл-Фараби даңғылына айналған сәттен бастап мұнда 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылған. Алайда, олардың ішінде талшын, қарағай мен шырша ғана тамыр жайды. Сондықтан аллея жасау үшін ағаштың осы түрлері ғана таңдап алынды.

Жалпы, даңғыл жиегіне жергілікті тәлімбақта өсірілген 800-ге жуық ағашты отырғызу жоспарланған. Бұдан өзге 2,5 мың шаршы метрден астам жер гүлзарға айналады.
null

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде. Яғни, жобаны жүзеге асыруға бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды.

Ағаш отырғызу жұмыстары 10 сәуірге дейін толық аяқталады.

Жақын арада Алматы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Jasyl meken» акциясы барысында қаланың барлық аудандарында 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар