Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби даңғылындағы ең ерекше жоба - ботаникалық бақ пен жоталарда салынатын жаңа саябақты байланыстыратын жасыл көпір. Бұл туралы Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жөніндегі жаңа таныстырылымында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға айналады. Көпір бақтың жалғасы болады. Оның ұзындығы - 350 метр, ал жаяу жүру бағыты - шамамен бір шақырым.

«Қаланың өзіндік ерекшелігін қалыптастыратын жаңа бірегей ұсыныс бар. 2010 жылы әл-Фараби даңғылының жоғары жағында спорт кешені салынды. Спорт кешенінің жанында Есентай өзені, ботаникалық бақ, университет, дүкендер, бизнес орталықтар, кластерлер сияқты маңызды нысандар орналасқан. Сол себепті, спорт кешені аумағында жаңа рекреациялық аймақ құру ұсынылады. Бұл аймақ шамамен 60 гектарды құрайды», - деп атап өтті қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Жаңа қоғамдық кеңістіктерді жобалау осы жылдың соңына дейін, іске асыру келесі жылға жоспарланған.

Әл-Фараби даңғылымен бірге Есентай өзенінің көрінісі де өзгереді. Мұнда көпір астындағы кеңістікті және жағалау аймағын абаттандыратын паркур орнын құру жоспарланған.

Әкімдіктің алдында Үлкен Алматы өзені арнасын абаттандыру бойынша маңызды жоспарлар тұр.


Соңғы жаңалықтар