+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Алматыдағы ақын-жазушыларға әкімдік грант бермек

2020 жылғы 14 ақпан 14:09
Бөлісіңіз:
Алматыдағы ақын-жазушыларға әкімдік грант бермек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсырылады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен жиын барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, әл-Фарабидың 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларына орай көптеген шаралар өтіп, Алматы қаласының әкімдігі тарапынан ақын, жазушыларға қолдау көрсетілмек.

«Былтыр Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Жергілікті бюджет есебінен 250 млн теңге қаражат бөлініп, Жазушылар Одағының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласында тұратын 150 ақын-жазушы 500 мың теңгелік ақшалай грант сертификаттарымен марапатталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша Жазушылар Одағының 820 мүшесі болса, оның 360-ы осы Алматы қаласында тұрады екен. Биыл біз әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсыратын боламыз. Бұл тізімді бізге Жазушылар Одағының өзі ұсынып отырады. Бұл мәселе қазір бюджетте нақтыланып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кету керек, былтыр жаңа жыл қарсаңында Алматы әкімі қаладағы 60 ақын жазушыға салтанатты түрде арнайы грант табыстаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT