+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Алматыдағы ақылы автотұрақта 280 мүгедекке қате айыппұл салынған

2020 жылғы 21 қаңтар 22:32
Бөлісіңіз:
Алматыдағы ақылы автотұрақта 280 мүгедекке қате айыппұл салынған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автотұраққа төленбеген ақы үшін қателікпен мүгедектерге айыппұл салынып кеткен. Прокуратураның араласуымен аталмыш жайларға қатысты әкімшілік өндіріс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді Прокуратура «Қара касса» ойынын алаяқтық әрекет деп бағалады Қордайда полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолдану ісін тергеу аяқталды

Алматы қаласының Жетісу аудандық прокуратурасы ҚР ӘҚБжК-нің 597-бабы бойынша (арнайы сертификатталған құрылғымен жабдықталған орында автотұрақ ақысынан жалтару) қозғалған әкімшілік өндірістің заңдылығын тексеріп көрді.

«Анықталғанындай, 2019 жылы аталмыш бап бойынша әкімшілік жауапқа І және ІІ топтағы 287 мүгедек тартылған. Алайда Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру ережелерінің 38-ші пунктіне сәйкес (Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 14 қарашасындағы № 4/975 қаулысымен бекітілген) І және ІІ топтағы мүгедектер аталмыш құжат негізінде ақылы коммуналдық автотұрақтарда тұрақ орындарын тегін пайдалана алады», - делінген құзырлы ведомствоның хабараламасында.

Прокурорлық бақылау актісін қарау қорытындысына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы мүгедектігі бар жүргізушілерге қатысты өндірісті тоқтатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Прокуратура, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT