+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматыдағы ақылы автотұрақ: Қандай проблемалар бар

2019 жылғы 18 қараша 13:05
Бөлісіңіз:
Алматыдағы ақылы автотұрақ: Қандай проблемалар бар

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Қаланың Қоғамдық кеңесінің өкілдері мегополистегі бірыңғай автоматтандырылған ақылы тұрақ жүйесінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес өкілдері ақылы автотұрақ орындарының қауіпсіздігін талқыланды. Пікірталасқа қатысушылар қоғамдық орындарда «Сергек» камераларының санын арттырып мәселені шешуге болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ орындарының жеткіліксіздігі және автомобиль отырғызуға және одан түсіруге ыңғайлы мүмкіндікті бермейтіні туралы мәселе көтерілді. «А-Паркинг» өкілдері қалалық мүгедектер қоғамдарының өкілдерімен бірлесіп, «Инватакси» автокөлігінде ақылы автотұрақтың ең тығыз аймақтарымен айналып өтіп, сол жерлерде орын алған мәселелерді анықтағанын хабарлады. Қазіргі уақытта ескертулер жол полициясының күшімен бірге жойылуда.

Сонымен қатар, мекенжай анықтамаларын алып тастау мәселесі көтерілді, оның салдарынан қала тұрғындары нақты тұрақ аймағында тұру фактісін растау мүмкіндігінен айырылды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді Қоғамдық кеңес пен жоба мамандары қала билігімен бірлесіп шешетін болады.


Қоғамдық кеңес өкілдерінің айтуынша, жоба іске қосылғалы ақылы автотұрақ аймақтарында қозғалыс жылдамдығы 12%-ға артып, қала орталығындағы көлік саны 15%-ға азайған. Тұрақтың орташа уақыты 50%-ға дейін қысқарған.

Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамытуға арналған инвестиция көлемі бүгінде 3,96 млрд теңгені құрады. Алматыда тұрақ кеңістігін ұйымдастыру жөніндегі барлық реформалар жеке инвестор есебінен жүргізілді.

Айта кетейік, Алматы қаласында ақылы автотұрақтар жүйесінің жұмысы барысында бюджетке барлығы 1,7 млрд теңге түсті, оның ішінде 561 млн – салық аударымдары, 267 млн – көлік тұрағы үшін төлемдер, 247 млн – мемлекетке міндетті төлемдер, сондай-ақ 622 млн теңге жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл түрінде қала бюджетіне түсті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT