Алматыдағы акция: 100 балаға мектеп құралдары берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ҚХА өкілдері «Мектепке жол» акциясы аясында 100 балаға мектеп құралдарын алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы ҚХА және «Ахыска» түрік этномәдени орталығығының ұйымдастыруымен өтті.

Көпбалалы отбасынан шыққан балалар мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне мектепке қажетті құралдың бәрін табыс етті.

« Мұнда әр ұлттың өкілдері отыр. Қазақ, түрік және тағы да басқа. Осы балалар мектепке көтеріңкі көңілмен, отансүйгіштік сезіммен, яғни қамқорлықты сезініп барса дейміз. Бұл балалардың оқуына да әсер етеді. Болашақта олардың тұрмысы жақсарады деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов.


Соңғы жаңалықтар