Алматыдағы №7 емханаға жүректің туа біткен ақауын емдейтін медициналық техника жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №7 қалалық емханада заманауи медициналық техниканың тұсаукесері өтті.

Қантамырды толық зерттеуге мүмкіндік беретін Philips-тің AlluraClarity FD20/10 ангиографиялық жүйесі жүректің туа біткен ақауын емдеуде үлкен көмегін тигізбек. Мамандардың айтуынша, мұндай технология педиатрия саласында жүрек ауруларының санын азайтуда үлкен рөл ойнамақ. Жүйеде балалар кардиологтарымен бірлесе отырып әзірленген арнайы педиатриялық бағдарламалармен баптаулар бар.

"Жүрек-қантамыр аурулары бүкіл әлем бойынша,оның ішінде Қазақстанда мүгедектік пен өлім-жітімге әкелетін қатерлі дерт ретінде тіркеліп отыр. Алайда заманауи жабдықтар мен жаңа медициналық әдістер көптеген адамның өмірін құтқарып, олардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Philips-тің AlluraClarity жүйесі осындай технология десек, артық айтпаймыз. Ол негізінен кардиология мен қантамырлар хирургиясы салаларында қолданылады. Мемлекетіміз денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға қаржы молынан қарастыруда. Осындай жаңа әдістердің қарапайым азаматтарға қолжетімді болып отырғаны зор жетістік», - деді №7 қалалық клиникалық емхананың бас дәрігері Болатбек Баймаханов. №7 қалалық клиникалық емхана мен Philips компаниясы көптеген жылдар бойы табысты ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда емханада магниттік-резонанстық Intera 1,5T сканері, Brilliance CT компьютерлік томографы және Philips-тің HD11 XE ультрадыбыстық жүйесі орнатылған.

Соңғы жаңалықтар