Алматыдағы 600 ғимарат әлеуметтік бейімдеу аясында қайта жабдықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, 2019 жылға арналған бейімдеу кестесі бойынша, қалада 600 ғимарат қайта жабдықталды.

Медеу ауданында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға мониторинг үнемі жүргізілетін болады. Оларға «ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес кедергісіз ортаны қамтамасыз ету туралы хабарлама жіберіледі. Бүгінгі таңда аудандағы 92 нысанның 73-і бейімделген.

3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұратын Наурызбай ауданындағы ғимараттардың 60% бейімделді. Негізгі бөлігі - денсаулық сақтау және білім беру нысандары.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар