+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыдағы 3 жолайрық құрылысы қашан аяқталады

2021 жылғы 22 маусым 16:46
Бөлісіңіз:
Алматыдағы 3 жолайрық құрылысы қашан аяқталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі үш жол айрығының құрылыс қарқынын, метрополитеннің инфрақұрылымын және Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының жаңа бас жоспары қашан қабылданады 21 компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетті Алматы құрылысының жаңа ережелері қала үшін несімен маңызды

Қала әкімі Алматының «шығыс қақпасындағы», Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысындағы жолайрығында болды. Құлжа тас жолы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы – 784 метр , Бұқтырма көшесі бойындағы туннельдің ұзындығы – 570 метр . Жыл соңына дейін жекелеген бағыттар бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарда.

Нысанды толық пайдалануға беру келесі жылға көзделген. Бұл Бұқтырма көшесіндегі көлік ағынын – 30%-ға, Құлжа трактісінде өткізу қабілетін 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бақытжан Сағынтаев Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы туннель түріндегі жолайрықтың жұмыс барысымен танысты. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылы бойымен көліктің кедергісіз қозғалысы үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі туннель салу қарастырылған. Көлік құралдарының көшеде жүруі. Жансүгіров көшесіндегі, сондай ақ өзге көлік қозғалыстары жер деңгейінде өтеді. Төрт жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды салу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру қарастырылған.

Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрығы құрылысының қарқынын тексерді. Эстакаданың ұзындығы 186 метр, Рысқұлов даңғылында – 8 метр, ал Емцов көшесінің бойында 4 жолақ қарастырылған.

Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаев әрлеу жұмыстары жүріп жатқан Сарыарқа және Достық бекеттеріндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысты. Екі бекетті техникалық іске қосу жыл соңына жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматы әкіміне Қалқаман бекетіндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенін салудың жұмыс барысы туралы баяндалды.

Жобада Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін ұзындығы 2,48 шақырым болатын Әшімов көшесінен төмен салынатын тоннельдің құрылысы қарастырылған.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Абай даңғылын Қалқаман шағын ауданындағы Момышұлы көшесінен Әуезов көшесіне дейін үңгілеу жұмысының барысын тексерді.

Оның жалпы ұзындығы 4,8 шақырым. «Шұғыла» шағын ауданындағы Яссауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаскенің ұзындығы 3 шақырым, мұндағы жұмыстар аяқталып қалды.

Жоба бойынша 6 жолақты жол, тротуарлар, веложолдар салу қарастырылған. Құрылыс аймағында орналасқан учаскелер уақтылы сатып алынса, онда жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Осының арқасында, Абай даңғылы Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзаратын болады.

Бақытжан Сағынтаев жолайрықтары мен көшелерді ұзартудың барлық нысандары бойынша жұмыс күші мен техниканы кеңінен жұмылдыруды, жұмыстың сапасы мен уақтылы атқарылуын бақылауды тапсырды.

Бұдан өзге, тиісті ведомстволардың басшылары жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешулері қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT